ШҚО-да автобустар мен пойыздар өңірдің қала, аудандарына қатынай бастайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы №21 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатқа сәйкес, өңірдегі қала, аудан арасында қатынайтын автобустар мен пойыздар қайта жүре бастайды. Бірақ Өскемендегі қоғамдық көлік әлі де тек жұмыс күндері жолға шықпақ.
«Мына объектілердің қызметіне тыйым салу сақталсын: 1) ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық ғимараттардағы аттракциондар, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, букмекер, фудкорттар, кальян шегу орындары, банкет залдары және барлар; 2) балаларға арналған сауықтыру лагерлері; 3) қалалық қоғамдық жағажайлар, ашық алаңдағы аквапарктер», - делінген қаулыда.
Ал жұмысы сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін шектелген қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалар 30 адамды ғана қабылдай алады. Медициналық орталықтар мен стоматологияға (жазылу бойынша), дәріхана, азық-түлік дүкендері, базарлар, сауда алаңы 2000 шаршы метрге дейінгі орталықтар, автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу мекемелері, тың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттері, ломбардтар, мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар), моншалар (1 келушіге 4 ш. м., толымдылығы 50% - дан аспайтын жағдайда), мәдениет объектілері (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар), кітапханалар, мұражайлар қайта жұмысын бастайды.
«Келесі объектілердің қызметтері жұмыс күндері рұқсат етіліп, демалыс және мереке күндері шектеледі: 1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда алаңы 2000 ш. м. асатын сауда үйлері, желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары; 2) азық-түліктік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар; 3) сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер; 4) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері; 5) сауналар; 6) ашық ауадағы аттракциондар; 7) діни объектілер», - деп жазылған құжатта.