ШҚО-да автожолға қар көшкіні түсті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы «Согорное-Барлық» тасжолында көшкін жүрген.
«Аталған тасжолдың он алтыншы шақырымында өздігінен қар көшкіні жүрді. Қардың жалпы көлемі 2400 текше метрді құраған. Қар жолды толығымен жауып тастады. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына 3 сәуірге дейін көшкін жүру қаупі туралы ескерту жасаған болатын.