ШҚО-да әйелі мен енесін қатыгездікпен өлтірген қылмыскер сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелі мен енесінің түбіне жеткен қылмыскер 15 жылға сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қанды оқиға осы жылдың сәуір айында тіркелген. 31 жастағы ер адам әйелімен ажырасып, үйінен жеке заттарын алып кетпек болған. Үйіне келген уақытта енесімен кикілжіңге келіп қалып, оны тұншықтырып өлтіріп, денесін моншаға апарып тастаған. Бұдан кейін қандықол қылмыскер дәл сол үйде әйелін балталап өлтірген. Қылмысын жасыру үшін ол екі мүрдені скотчқа орап, бақшаға көміп тастаған.

Арада екі күн өткеннен кейін қылмыскер полицияға өз аяғымен барып, болған оқиғаның бәрін айтып берген. Тергеу кезінде және сот барысында ол қылмысты қалай жасап қойғанын білмегенін жеткізген.

Сот үкімімен ол алдағы өмірінің 15 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар