ШҚО-да балабақшаларды заңсыз тексерген әкімдік қызметкері еш дәлелсіз акт толтырған

балабақша
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 3 балабақшаны заңсыз тексерген әкімдік қызметкері еш дәлелсіз акт толтырған.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шемонаиха аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы «PR Tex» ЖШС-не қарасты 3 балабақшаға заңсыз тексеру жүргізген.

«Ол балабақшаға балалардың бару көрсеткішін тексеріп, мемлекеттік тапсырысқа сай келмеуге қатысты актілерді ешқандай дәлелсіз толтырған. Осы заңсыз әрекеттің салдарынан кәсіп иесі мектепке дейінгі білім беру қызметін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсетуге шарт жасамай жүзеге асыруға мәжбүр болды», - делінген ақпаратта.

Аудан прокуратурасының қаулысымен білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға ҚР ӘҚБтК-нің 173 бабына сәйкес 186 500 теңге айыппұл салынды. Ал кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар