ШҚО-да баласына 3 млн теңге алимент төлемеген ер адамға көлік айдауға тыйым салынды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында баласына 3 млн теңге алимент төлемеген ер адамға ақша төлемейінше көлік айдауға тыйым салынды.

Алимент төлемеген 421 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды
Фото: Жасанды интеллект

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданында тұратын азамат баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемеген. 

«Анықталғандай, ер адам еш себепсіз алимент төлемей келген. Осылайша, оның баласына қарызы 3 млн теңгеден асты. Әйел шағым түсірген соң жеке сот орындаушысы соттан борышкерді жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады», - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен ер адам баласына алиментті толықтай төлемейінше көлік айдауға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында алимент бойынша 2,7 млн қарыз азамат қамауға алынғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар