ШҚО-да баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері өңір аумағында баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады. Мәселен, Өскеменде ер адам қызына 4,3 млн теңге қарыз болған.

Азамат 14 жастағы қызына 2021 жылдың ақпан айынан бері ақша аудармай келді. Жеке сот орындаушысы көші-қон қызметіне 36 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулы жіберген.

«Іздестіру іс-шаралары барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның қайда екендігі анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - деді облыстық ПД көші-қон басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, екі жолаушы көз жұмғанын хабарлаған едік.