ШҚО-да базарлар аптаның барлық күндері жұмыс істейтін болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында базарлар аптаның барлық күндері жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Онда жазылғандай, енді білім беру орталықтары, түрлі секциялар мен үйірмелер еш шектеусіз жұмыс істейді. Осыған дейін әр топта 15 баладан асырмау талабы болған.

- Ғимарат ішіндегі базарлар, алаңы 2000 шаршы метрден асатын сауда объектілері аптаның барлық күндері жұмыс істейді. Діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) толтырылуын 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан асырмай ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді, - делінген құжатта.

Сонымен қатар сауналар аптасына 7 күн ашық болады. Бұған дейін сауналар жексенбіде жұмыс істемеген еді.


Соңғы жаңалықтар