ШҚО-да бензинмен ойнаған 11 жасар бала ажал құшты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға жексенбі күні Глубокое ауданы Черемшанка ауылында болды. 11 жасар баланы күйік шалып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, бала бензинмен ойнағанды жақсы көретін болған. Ол бензинмен түрлі эксперименттер жасаған. Оқиға болған кезде анасы көрші бөлмеде мас күйінде ұйықтап жатқан. Сол кезде бензинге от қойған11 жастағы бала өртеніп кеткен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылған жоқ. Алайда, ТЖ қызметкерлері ересектерді балаларға жауапты түрде қарап, оларға уақыт бөлуге шақыруда.
Жыл басынан бері ШҚО-да 700-ден астам өрт болған, олардың 55-і - балалардың абайсыздығынан орын алған.
Қазіргі таңда іс полиция қызметкерлеріне берілді.