Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам құқықбұзушылықты тіркеді

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бейнебақылау камералары арқылы 16 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.

бейнебақылау камерасы
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішіндегі басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты – 11 688 жағдай, – делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, камералар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1 759 фактісін анықтауға көмектескен. Полиция қызметкерлері әр құқықбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдады.

– Бейнебақылау жүйесінің жұмысы полицияға құқықбұзушылықтарды тек тіркеп қана қоймай, оларға жедел ден қоюға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және өңір көшелеріндегі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада жаңа бейнебақылау камералары қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 мыңнан астам жүргізушіні анықтағаны хабарланды.