ШҚО-да биыл 6 адам көз жұмған қауіпті жолда тәулік бойы полицейлер кезекшілік етеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 6 адам көз жұмған қауіпті жолда тәулік бойы полицейлер кезекшілік етеді.

полиция бекеті
Фото: ШҚО полиция департаменті

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолымен жаз кезінде тәулігіне 20 мыңға жуық көлік жүреді.

Осы жылдың 8 айында тасжолда 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 6 адам қаза болып, 40-тан астам адам жарақат алды.

«Сондықтан жолдың Алтай ауданы Серебрянск кентіне бұрылыс тұсына тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеті ашылды. Бұндағы мақсат – жолдың қауіпті учаскесінде апатты жағдайларды азайту», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта бекетте полицейлер кезекшілік етуде.

Соңғы жаңалықтар