ШҚО-да «БИПЭК АВТО» компаниясынан тәркіленген шипажай аукционда сатылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысындағы «Рахман қайнарлары» шипажайына аукцион электронды сауда алаңының сайтында өткізілді. Сауықтыру кешенінің бұрынғы иесі алаяқтық жасады деп айыпталған «БИПЭК АВТО» автохолдингінің басшысы Анатолий Балушкин болған.

Шипажайдың өзі Өскемен қаласынан 450 шақырым жердегі Катонқарағай ауданында, Алтай тауларының орталығында теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 7091,3 шаршы метрді алып жатыр. Бүкіл кешеннің нарықтық құны 1,6 млрд теңге.
«Рахман қайнарлары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Келушілерді минералды сумен емдейді. Кешен аумағында 15 адамға арналған стандартты екі қабатты коттедждер, 1-3 адамға арналған бір қабатты «жартылай люкс» 5 коттедж, екі медициналық кешен, террассасы бар мейрамхана, монша, наубайхана, кір жуатын бөлме, жанармай құю станциясы және мешіт бар.
Айта кетейік, шипажай 2021 жылдан бері жұмыс істемей тұр.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде Анатолий Балушкинге қатысты сот ісі басталғаны хабарланған болатын.