ШҚО-да бір күнде 4 өрт сөндірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 4 монша өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да бір күнде 4 өрт сөндірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші өрт Өскемен қаласындағы «Титан» саяжай қоғамдастығының аумағында болған.

«Саяжай үйінің ауласындағы моншаның ішкі қаптасы, төбе жабыны, шатырдың ағаш құрылымдары жанды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 16 шаршы метрді құраған от толықтай ауыздықталды. Тілсіз жаудың шығу себебі - пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау», - делінген ақпаратта.

Дәл осындай себептен Глубокое ауданы Верх-Березовка ауылында өрт шыққан. Жеке тұрғын үй ауласындағы моншаны жалын шарпыды. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрге жеткен өртті өшірді.

Сондай-ақ монша өрті Семей қаласында және Алтай ауданындағы Подорленок ауылында болған.