ШҚО-да бірқатар республикалық жолдар әлі де жабық

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жолдар әлі де жабық.

ШҚО-да бірқатар республикалық жолдар әлі де жабық

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, 28 қаңтар күні автокөліктің барлық түрлері үшін келесі жол учаскелерінде қозғалысқа тыйым салынды:

Сағат 09.30 бастап "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" а/ж 6-166 шақырымы, "Степное-Зырян" аралығында;

Сағат 12.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ.шекарасы» а/ж 105-191 шақырымы, "Риддер-РФ шекара" аралығында;

Сағат 12.00 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" а/ж 81-123 шақырымы, "Рассыпное айналымы-РФ шекарасы".

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары жұмыс істеуде.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.