09:38, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
ШҚО-да бірнеше бағыттар бойынша тас жолдар әлі де жабық
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыз болуы себепті қаңтардың 10,11-і күндері жабылған тас жолдар қайта ашылды,

дегенмен екі бағыт бойынша күре жолдарға шығуға әлі де тыйым салынуда.
Облыста қатты бұрқасыннан көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты жабылған «Өскемен-Самар-Көкпекті», «Өскемен-Қалбатау-Көкпекті-Зайсан» және «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» бағыттары бойынша тас жолдар барлық автокөлік иелері үшін қайта ашылды.
Дегенмен, төтенше жағдай қызметтері «Өскемен-Қолбатау-Аягөз» автожолын жабық күйінде қалдырып отыр, онымен бірге қаңтардың 12-сі күні, сағат 20.00-ден бастап «Семей-Қайнар» тас жолына да шығуға тыйым салды.