ШҚО-да бірнеше мәрте мал ұрлаған барымташылар ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірнеше мәрте мал ұрлаған барымташыларды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да бірнеше мәрте мал ұрлаған барымташылар ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі ер адам өңір аумағында мал ұрлығымен айналысқан.

Осы уақытқа дейін олардың 3 қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Аягөз және Тарбағатай ауданының 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Олар түн кезінде қойларды ұрлап жүрген. Ұрлықты ылғи мал жайылымынан жасады.

«Күдіктілер мамыр айында 9 бас қойды ұрлаған. Егер тәртіп сақшылары барымташыларды уақтылы ұстамаса, бұл сан әлдеқайда көп болушы еді. Қазіргі уақытта екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.