ШҚО-да биыл 28 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 28 мыңға жуық адам ЖРВИ-мен ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны 78 153 адамды құрап отыр.

Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Оның ішінде 47,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

«Ал 2022 жылдың басынан бері ЖРВИ-дің 27 830 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 31 тұрғынға «тұмау» диагнозы қойылған. Осы ретте, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 158. ЖРВИ мен тұмаудан өлім-жітім жағдайлары болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Облыс бойынша 2021-2022 жылдары тұмауға қарсы 140 213 адам екпе салдырды.

Бұл - аймақ халқының 10,3 пайызы.

Соңғы жаңалықтар