ШҚО-да биыл құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 340 адамға көмекке келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 340 адамға көмекке келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері 340 адам пәтер есігін аша алмай, іште қамалып қалған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар оларға көмек көрсетті. Көп жағдайда пәтерде балалар мен қарттар қамалып қалып жатады.

«Мамандар адам өміріне қауіп төнген кезде ғана есікті ашып береді. Мәселен, пәтер ішінде қаршадай балалар, зейнеткерлер немесе мүмкіндігі шектеулі жандар болса. Сондай-ақ өртке әкеліп соғуы ықтимал қосулы қалған электр жабдықтары, газ қондырғылары, жылыту құралдары болса көмек көрсетіледі», - деді облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев

Оның айтуынша, барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталған.


Соңғы жаңалықтар