ШҚО-да биыл өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан 80-нен астам жер үйді от шарпыды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында өрт сөндірушілер 120 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да биыл өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан 80-нен астам жер үйді от шарпыды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 тамызда түнгі сағат 01.38-де Шемонаиха қаласы Горький көшесіндегі жеке тұрғын үй ауласында өрт шыққан.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2 қожайынға тиесілі шаруашылық қора-жайлардың отқа оранғанын көрді. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, оның ары қарай таралуына жол бермеді. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 120 шаршы метрді құраған», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан.

Осы себеппен облыста жыл басынан бері жеке тұрғын үй секторында 81 рет өрт болған.