ШҚО-да биыл жүгерінің егіс алқабы 3 мың гектарға артты
«2019 жылы жүгері алқабы 6,9 мың гектарды құраса, осы жылы 8,9 мың гектарға жетті. Негізгі аудандарды атап көрсетсек, Үржарда – 4 мың гектар, Шемонайхада – 1,8 мың гектар, Бородулихада – 1,4 мың гектар және Глубокое ауданында – 1,3 мың гектар. Яғни, биыл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың гектар өсім бар. Ал соя 6,2 мың гектарға егілді. Жалпы өңірімізде соя мен жүгерінің егіс алқабын арттыруға бағытталған аймақтық бағдарлама құрылған. Жоспар бойынша алдағы 2 жылдың ішінде дәндік жүгерінің алқабы 15-18 мың гектарға дейін арттырылмақ. 2025 жылға дейін соя алқабы 30 мың гектарға жетеді деп көзделіп отыр», - деді ол.
Владимир Гайламазянның айтуынша, аймақтық бағдарламаның негізгі мақсаты – малды жоғары сапалы жем-шөппен қамтамасыз ету және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару.
«Мысалы көрші Қытай елі жыл сайын 98 млн тонна сояны, 12-15 млн тонна жүгеріні импорттайды. Бұл біз үшін үлкен нарық. Сондықтан соя мен жүгері өсірудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында қалалар мен аудандардағы әкімдік қызметкерлеріне және өңірдің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған семинар-тренингтер өткізілуде. Қатысушылардың өтініші бойынша осындай шаралар биыл да жоспарланған», - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.