ШҚО-да боранда адасып кеткен 2 балықшы табылды

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында боранда адасып кеткен екі балықшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Kazinform. 

 ШҚО-да боранда адасып кеткен 2 балықшы табылды
Фото: instagram.com/p/C153-T6K9To/

9 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында Самар аудандық полиция бөліміне Өскемен қаласының тұрғыны хабарласты. Өз сөзінде ол балық аулауға кеткен күйеуінің сол күйі оралмағанын жеткізді.

«Анықталғандай, ер адам 7 қаңтарда досымен бірге Самар ауылынан 35 шақырым жердегі Бұқтырма су қоймасына балық аулауға кеткен. Жоғалғандарды іздеуге аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы, жол тазалаушы ұйымның 2 техникасы жұмылдырылды. 8 сағатқа созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жігіттер аман-есен табылды», - делінген ақпаратта. 

Балықшылардың айтуынша, олар ауа райының нашарлауына байланысты қайтуға бел буған. Алайда қарлы бораннан жол таппай адасып қалған.

Ер адамдар Самар ауылына жеткізіліп, сондағы жатақханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар