ШҚО-да бойжеткен таудан сырғанаймын деп мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-дағы тау-шаңғысы кешенінде үрленген дөңгелек сырғанақ теуіп жүрген бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«Бүгін 27 ақпан күні тау шаңғысы жолымен сырғанақ тебемін деп қыз бала мерт болды. Арқан жолмен үрленген шананы тау басына алып шығуға толықтай тыйым салынған. Қызметкерлердің ескертуіне қарамастан жасөспірімдер шаңғы жолының биігіне шығып төмен қарай сырғанаған. (тьюбинг үшін төмендегі алаңқайда арнайы жасақталған орын бар). Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері қатты жараланған қызды аман алып қала алмады»,- делінген тау-шаңғысы кешенінің Инстаграмдағы парақшасында.

Қазір  оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Устинка Live» газетінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан мектеп оқушысының жасы 17-де.

Соңғы жаңалықтар