ШҚО-да Бұқтырма қоймасынан су ағызыла бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бұқтырма су қоймасының тез тола бастауына байланысты, шекті деңгейге жеткізуге мүмкіндік бермейтін жоспарлы су ағызу іске асырылуда. Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі гидроэлектростансаларында қосарланған су жіберу қамтамасыз етіледі.
None
None

Бұқтырма су қоймасында су деңгейін жоспарлы түрде төмендету облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырмасы бойынша әзірленген кешенді жоспар аясында 21 маусымнан 3 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Осы жоспарға сәйкес су ағызу әр күн сайынғы аралықта 200 м3/с-ге арттырыла отырып жүргізіледі. Осы кезеңінде Бұқтырма гидроэлектростансасында су жіберу 1 500-ден  2 400 м3/с-ге жетеді. Бір мезетте Шүлбі ГЭС-інде 3 000 м3/с-ге жеткізіледі.

«Осындай жағдай соңғы 50 жылда болмаған еді. Алғаш рет Бұқтырма су қоймасы жобалық қуатын толтырды», - деп атап өтті ШҚО әкімі.

Бұдан кейін өңір басшысы кешенді су жіберу жоспарына нақты тоқтала кетті. «Су кептелуін болдырмау үшін Шүлбі ГЭС-і шамамен 3000 м3/с су ағызады. Өз кезегінде Өскемен және Бұқтырма ГЭС-і жобалық және технологиялық шешімдермен су ағызады. Су жіберу еркін режімге келтірмейді. Ешбір елді мекенде су деңгейі артпайды. Барлығы бақылауда. Барлық облыстық қызметтер, аудан әкімдері ескертілген және қажетті шараларды қолға алуға әзір отыр», - деді Даниал Ахметов арнайы жиын барысында.

Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Ертіс бассейіндік инспекциясының мәлімдеуінше Өскеменнен төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар