ШҚО-да дала өртінің 70 пайызы халықтың отты абайсыз қолдануынан шығады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында дала өрттерінің 70 пайызы халықтың отты абайсыз қолдануынан шығып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 43 өрт сөндіру бекеті бар. 225 адамнан тұратын мобильді топтар да құрылған.

Дала өрттерінің 70% халықтың отты абайсыз қолдануынан шығып жатыр.

Азаматтар шөп шағып, қоқыс өртегенде қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Шығыс Қазақстанда биыл 140,2 гектар алаңда 18 дала өрті тіркелді.

«Арнайы құрылған мобильді топтардың қатарына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полицейлер мен орманшылар кіреді. Осы уақытқа дейін жүргізілген 98 рейд шеңберінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ облыс ормандарда осы жылы 5 өрт шыққан.


Соңғы жаңалықтар