ШҚО-да дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ғимараттарға зақым келтірді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қатты жел соғып, бірнеше ғимарат бүлінді.

ШҚО-да дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ғимараттарға зақым келтірді
Фото: Зайсан ауданы әкімдігі

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, кешелі бері соққан дауылдың салдарынан тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттарға зақым келді. Сондай-ақ ағаштар құлап, шатырлар бүлінді. 

ШҚО-да дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ғимараттарға зақым келтірді
Фото: Зайсан ауданы әкімдігі

- Апат салдарын жою мақсатында жауапты қызметтер мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жедел түрде оқиға орындарына шығып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта нақты шығын көлемі есептеліп, зақымданған нысандарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта. 

ШҚО-да дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ғимараттарға зақым келтірді
Фото: Зайсан ауданы әкімдігі

Осы ретте, әкімдік қызметкерлері тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, электр сымдары мен құлаған ағаштарға жоламауды сұрады. 

Еске салсақ, осыған дейін Түркістан мен Шымкентте күн құбылып тұрғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар