ШҚО-да демалыс күндері 21 өрт оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 21 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің шығуының негізгі себептері – отты қолданудағы сақтық шараларының қадағаланбауы, сондай-ақ электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Тілсіз жау фактілері Шемонаиха, Көкпекті, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан аудандарында және Риддер қаласында болған.

«Шемонаиха ауданында 3 өрт оқиғасы болып, үй, монша және шаруашылық қора-жайларды жалын шарпыған. Күршімде балалардың отпен ойнауы салдарынан 2 рет өрт шықты. Жалын шарпыған жалпы аумақ – 270 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан 2 бас мал өліп, 8 тонна шөп отқа оранды. Жалынды өрт сөндірушілер мен Боран орман шаруашылығының қызметкерлері ауыздықтаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖ департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт шыққанын байқап қалсаңыз бірден «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.


Соңғы жаңалықтар