ШҚО-да диспансерлік есепте тері обырымен 1 743 адам тұр

ШҚО
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 1 700-ден астам адам тері обырына шалдыққан. 

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Тері қатерлі ісігі және меланома туралы республикалық ақпараттандыру апталығы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда өңір бойынша қанша адамның тері обырына шалдыққаны айтылды. 

«Бүгінде диспансерлік есепте тері обырымен 1 743 адам, меланомамен 202 адам тұр. Көбінесе бұл ауру Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Шемонаиха, Алтай аудандарында анықталған», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы, Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина. 

Өткен жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында тері қатерлі ісігінің 472, меланоманың 41 жаңа жағдайы тіркелген. 

«2024 жылдың бірінші тоқсанында тері обырына 90, меланомаға 9 адам шалдықты. Облыста тері қатерлі ісіктері диагностикасының тұрақты жоғары көрсеткіші бар. Ерте кезеңде тері ісігі 99,2% жағдайда, меланома 93,3% жағдайда анықталады», - дейді орталықтың клиникалық диагностика бөлімінің меңгерушісі Шолпан Нұрғалиева. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Шығыс Қазақстандағы гидробекетте су деңгейі көтеріліп кеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар