ШҚО-да екі аптада 473 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер құқық бұзушылық жасаған 473 жасөспірімді бөлімшеге жеткізді.

миграционная полиция
Фото: Polisia.kz

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Ондағы мақсат - кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты азайту.

- Оқушылар мен студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің алкогольді ішімдік ішуін болдырмау, олардың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз ойын-сауық орындарында жүрмеуіне баса назар аударылған. Екі апта ішінде ішкі істер бөлімдеріне 473 жасөспірім жеткізілді. 479 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 27 жасөспірім мен 27 отбасы есепке алынды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында 383 түсіндіру жұмыстары мен киберқауіпсіздік мәселелері бойынша 132 дәріс өткізілген.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да учаскелік инспектор ер адамды өлімнен құтқарғаны жайлы жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар