ШҚО-да екі балықшы мұз астына түсіп кетті

Екібастұз
Фото: Павлодар облысы ТЖД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында мұз астына құлаған екі балықшы құтқарылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы Сібе көлінде мұз астына түскен екі балықшыны жақын маңда жүрген адамдар құтқарып қалды. 

«Балықшының бірі мұз үстінде жүріп келе жатып, кенет астына түсіп кетті. Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев мұны байқап, абдырап қалмай сол адамға тросс лақтырған. Соның көмегімен ол балықшыны шығарып алды», - делінген ақпаратта.

Александр және оның қасындағы басқа да азаматтар көлден үйге кетуге жиналып жатқанда мұз астына құлаған тағы бір адамды көрді. 

«Ер адамға еңбектеп мұзға шық деп айқайладым. Содан кейін көмек көрсеткен басқа адамдармен бірге оған арқан мен шананы лақтырдық. Әйтеуір азамат қорқынышын жеңіп, судан шығып, шанаға жете алды. Басқа куәгерлермен бірге оны қауіпсіз аймаққа шығардық», - дейді Александр Алексеев.

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Соңғы жаңалықтар