ШҚО-да екі көлік соқтығысып, 3 адам жан тапсырды

көлік
Фото: ШҚО Полиция департаменті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде «Өскемен-Самар» тасжолының 25-шақырымында болған. Ұлан ауданы аумағында Lada Largus пен Lada Granta маркалы автокөліктері соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен. 3 адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Кейін оның бірі көз жұмды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексiнің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы) тергеу амалдарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тайындалған.

ШҚО
Фото: ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар