ШҚО-да екі бірдей көлікті ұрлап кеткен жігіт жол апатына түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында екі көлікті айдап кеткен ер адам жол апатына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан.

Өз сөзінде ол үйінің ауласында тұрған «Toyota» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін жеткізді.

Сол күні полицияға көлігі ұрланғанын айтып тағы бір азамат жүгінген.

Бұл жолы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғынына тиесілі «Chevrolet» көлігін айдап әкеткен.

«Хабар түсісімен тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына кіріскен. Соның нәтижесінде екі автокөлік те табылды. Анықталғандай, күдікті көліктің бірін аударып, «Өскемен-Самар» тасжолында қалдырып кеткен. Ал екіншісі Бозанбай ауылының аумағында табылды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Соңғы жаңалықтар