ШҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 6 адам мерт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 мамыр сағат 11:20 шамасында республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Жарма ауданы Шар қаласының маңындағы учаскесінде болды.

«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар