ШҚО-да екі көлікті айдап кеткен ер адам қолға түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 2 көлікті айдап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөліміне жүгінген 35 жастағы азамат үйінің ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін жеткізді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында автокөлікті тапқанымен қылмыскерді анықтай алмаған.

«Бірнеше күннен кейін полицияға хабарласқан тағы бір ауыл тұрғыны есігі құлыпталмаған «ВАЗ» көлігінің ұрланғанын айтты. Іздестіру шаралары барысында көлік «Глубокое-Белоусовка» тасжолының 5 шақырымында табылды. Полиция қызметкерлері аталған деректер бойынша қылмыс жасаған адамды қолға түсіру үшін жіті жоспар құрды. Соның нәтижесінде, 28 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар