ШҚО-да енгізілген үштілді білім беру Кембридж жүйесіне негізделіп отыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында үштілді білім берудің үшжылдық жоспары іске асырылуда. Оған 2 млрд теңгеден астам қаржы көзделді.

ШҚО-да енгізілген үштілді білім беру Кембридж жүйесіне негізделіп отыр

 Бұл ретте қазақстандық және шетелдік тілтанушыларды тарта отырып, Кембридж жүйесі негізінде білім берудің заманауи әдістемесі енгізіледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Білім беру үдерісі тиісті деңгейде өтуі үшін мектептер жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді. Үш мыңнан астам тілтанушы педагог кәсіби құзыреті деңгейін арттырды, биыл тағы 2,5 мың ұстаз біліктілігін арттыру курсынан өтеді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, жастардың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе тілдерді білуімен айқындалады. Білім беру жүйесін жетілдіру облыс басшылығының жан-жақты қолдауымен жалғасатын болады.