10:30, 13 Қазан 2012 | GMT +5
ШҚО-да ер адам өзінің гаражында шыққан өртте көз жұмды
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Өскемендегі жекеменшік гараждардың бірінде өрт болды.
Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы онымен бір сағат бойы күресті. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар 50 жастағы ер адамның мәйітін тапты.