ШҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырған екі латвиялық сотталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға қатысты қылмыстық істің үкімі шықты.

Алматы облысында екі баласы мен әйелді өлтірген адам өмір бойына сотталды
Фото: pexels.com

ШҚО прокуратурасының хабарлауынша, үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылған. Шетелдіктер ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өндіру, қайта өңдеу және өткізу) сотталды.

- Бұл аса ауыр қылмыс санатына жатады. Сотталушылар тәулігіне 30 келіге дейін мефедрон шығаруға мүмкіндік беретін зертхана құрған, - делінген ақпаратта.

Тергеу мәліметтері бойынша, жерасты зертханасын 2024 жылдың шілдесінде ҰҚК ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады. Тінту кезінде 125 келі мефедрон тәркіленді, бұл 630 мың бір реттік дозаға тең. Тәркіленген есірткінің құны «қара нарықта» 3,5 млрд теңгеден асады.

- Сот шешімімен есірткі саудасын ұйымдастырды деп айыпталған латвиялықтар 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі орташа түзету мекемесіне жіберілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, ШҚО-да 21 адамды алдап, 101 млн теңге пайда көрген алаяқ сотталғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар