ШҚО-да газ стансасындағы жарылыс: Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жатқызылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан тағы екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан екі адам күйіп қалғаны хабарланған еді.

Енді жарылыстан тағы екі азаматтың зардап шеккені анықталып отыр.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта төртеуі де ауруханаға жатқызылған.

«Зардап шеккен екі ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ал денелерінің 15-20%-ын күйік шалған ер адам мен әйел хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр», - делінген ақпаратта.

Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ауруханада қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Сонымен қатар аталған науқастарды емдеуге көмек көрсету үшін ШҚО-ның бас травматологы мен бас реаниматологы бастаған санитарлық авиация бригадасы Өскеменнен Шемонаиха қаласына келді.


Соңғы жаңалықтар