ШҚО-да иіс тиген ана мен бала көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында иіс тиген 32 жастағы әйел мен оның баласы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да иіс тиген ана мен бала көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 қаңтарда сағат 09:30-да Аягөз қаласының Серғазин көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 адамға иіс тиген. Әйел адам бірден сол жерде көз жұмды. Ал оның 3 баласы ауруханаға жеткізілген.

«Біраз уақыттан кейін 2008 жылы туған ұл ауруханада жан тапсырды. Ал 2013 және 2015 жылғы екі бала әлі ауруханада жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында ТЖД мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша жазатайым оқиғаның себебі – пеш мұржасының уақтылы тазаланбауынан болуы мүмкін.