00:53, 23 Қыркүйек 2021 | GMT +5
ШҚО-да иммундық плазманың 7 мыңға жуық дозасы дайындалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқастар иммундық плазмамен сәтті емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, облыстық қан орталығы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін ел бойынша бірінші болып иммундық плазманы дайындай бастады.
Сол кезде аймақ басшысы Даниал Ахметов иммундық плазма банкін құруды тапсырған.
Қан орталығы донорларды іріктеу, плазма жинау жұмыстарына кірісті.
- Қазіргі уақытта қанның әртүрлі топтарындағы плазманың 6 639 дозасы дайындалды. Өңірдің медициналық мекемелерімен өзара іс-қимылдың нақты механизмі нәтижесінде иммундық плазма тұрақты негізде ауруханаларға жіберіліп тұрады, - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.
Бүгінде науқастарға 1 846 доза плазма құйылды.
Ол облыстың 953 тұрғынына коронавирустан жазылуға көмектесті.