ШҚО-да ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңірдегі ірі кәсіпорындар штаттық режимде өз жұмыстарын жалғастыруда. «Казцинк» ЖШС атқарушы директоры Андрей Лазеревтың айтуынша, өндіріс орны елдегі жаппай тәртіпсіздікке қарамастан өз жұмысын тоқтатқан емес.

«Барлық нысандар жұмыс істеп тұр. Қызметкерлер жұмыс орнына қоғамдық көлікпен жетуде. Олар өз жұмыстарын еш кедергісіз жалғастырып жатыр. Түнгі ауысымдағы қызметкерлерді өзіміздің қызметтік көліктермен тасымалдаудамыз», - деді ол.

Төтенше жағдай және терроризмге қарсы операциялар кезінде «УК ТМК» АҚ еңбек ұжымы штаттық режимде өз жұмысын атқаруда. Компания президенті Әсем Мамытова барлық өндірістік жоспарлар жүзеге асырылып жатқандығын және өнімдерді шығару кестеге сәйкес екендігін айтты.

«Бірінші кезекте мен қаза тапқан барлық әскери қызметкерлер мен ел тұрғындарының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сонымен қатар заңды сақтаған халыққа алғысымды білдіргім келеді. Қарулы күштердің кәсібилігі және қызметтік міндеттеріне танытқан адалдықтарының арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», – деді Ә.Мамытова.