ШҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жоғалып кеткен зейнеткер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер табылды

ШҚО Полиция департаменті баспаөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық полиция бөліміне 61 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол туысының мүлде хабар-ошарсыз кеткенін жеткізді.

63 жастағы зейнеткер кешкі уақытта үйден шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. 3 күн бойы тәртіп сақшылары зейнеткерді іздестірді.

«Полиция қызметкерлері жоғалған адамды табу үшін жан-жақты жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде, қарт кісінің орналасқан жері анықталды. Белгілі болғандай, ол туыстарымен ренжісіп қалып, құрбысының үйіне кетіп қалған. Қазіргі уақытта зейнеткер үйіне қайтарылды», - делінген ақпаратта.