ШҚО-да КамАЗ бен Аудидің соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тауып, 4-уі ауруханаға түсті

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ бен Аудидің соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тауып, 4-уі ауруханаға жеткізілді,

ШҚО-да КамАЗ бен Аудидің соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тауып, 4-уі ауруханаға түсті

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, қайғылы оқиға кеше Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында орын алған. «Өскемен-Семей» автожолының 75 шақырымында КамАЗ бен Ауди көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы қаза тапқан. Сонымен қатар КамАЗ жүк көлігінің 1 жолаушысы мен Ауди көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.