10:17, 17 Сәуір 2026 | GMT +5
ШҚО-да қамыс өртенді
АСТАНА. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысы Қабанбай ауылының маңында қамыстың жанды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Шорға ауылының «Ауыл құтқарушылары» күштері мен жергілікті атқарушы органдар жедел түрде жұмылдырылды. Өрт 1 гектар алаңда толықтай сөндірілді. Оттың жақын маңдағы аумақтарға таралуына жол берілмеді.
Ауылдық елді мекендерде «Ауыл құтқарушыларының» жұмылдырылуы олардың төтенше жағдайларға ден қою жүйесіндегі маңызды рөлін айқындайды. Олардың қатысуы оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өртті бастапқы кезеңде тиімді сөндіруге мүмкіндік береді.
Осыған дейін ТЖМ құтқарушыларының Балқаш көлінде қауіпсіздік шараларын күшейткені туралы жаздық.