ШҚО-да қанша адам Pfizer вакцинасын алды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 100 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасының екі компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коронавирус инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасының екінші компонентін 100 925 адам салдырды.
Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 90 041 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2239 жүкті және 7770 бала емізетін әйел екпе алды. Ал вакцинаның бірінші компонентін 106 237 адам салдырған», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 501 091 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.