ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай- Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат етілді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін «Қазселденқорғау» ШҚОФ өкілдері Шығыс Қазақстан облысында тау арасында автобус тап болған оқиғаға түсінік бергені хабарланған еді.