ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

Бұл туралы ҚазАқпарат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, мұндай шектеу өңірде қар көшкіні жүру қаупіне байланысты енгізілген. Шекетеу шарасы барлық көлік түрлеріне қатысты.