2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күннің күрт жылытып, желдің күшеюіне орай өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі артқан. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді.

- «Өскемен-Самар» тасжолында жасанды жолмен көшкін жүргізілді. Нәтижесінде 13 170 текше метр қар түсірілген.

Жалпы қыстың басынан бері облыста 85 рет профилактикалық қар көшкіні түсірілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын таулы жерлерге бармауға шақырды.