ШҚО-да қар көшкіні түсуі ықтимал екендігі ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 18-20 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
None
None

«Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының биік болуына және  қардың бұрқасындық тасымалдануына байланысты 18-20 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - делінген ТЖК сайтында жарияланған ескертуде.

Соңғы жаңалықтар