ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде кешелі бері тоқтаусыз қар жауып, таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Осыған орай 3 наурызда кешке қарай «Өскемен-Тарғын-Самар» және «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолдары жабылды.

«Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Онға жуық учаскеден 275 мың текше метр қар түсіп, жолды түгел жауып қалған. Қазіргі уақытта жолды ашу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында 7 наурызға дейін көшкін жүру қаупі сақталатындығын хабарлаған болатынбыз.