ШҚО-да қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 ақпан күні Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылынан 33 шақырым жерде «Нива» автокөлігі қарға батып қалған. Көлік ішінде 3 адам отырды.

«Оқиға орнына департамент қызметкерлері арнайы техникамен шұғыл келіп жетті. Автокөлік жолдың қардан тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылды. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушыларға алғысын жеткізген аудан тұрғындары ары қарай сапарын жалғастырды.

Осы ретте, ТЖД мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына бірден «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.