ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 17 фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу талаптарын бұзудың 17 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«25 сәуір күні Өскемен қаласында 145 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 6 фактісі тіркелді. Ал Семейде 350 объектіге тексеру жүргізіліп, маска режимін сақтамаған 10 адам анықталды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Алтай ауданында тексеру барысында 139 объекті қамтылған. Нәтижесінде карантин талабын бұзған 1 адам тіркелді.


Соңғы жаңалықтар